Сенім негіздері
Пресвитериан шіркеуі ретінде біз реформаттық дәстүрдің тарихи сенім құжаттарын ұстанамыз. Бұл катехизистер мен сенім декларациялары Киелі жазбаларға негізделген христиан сенімінің негізгі ақиқаттарын түсінуге және басқаларға жеткізуге көмектеседі.
Елшілердің сенім рәмізі
Біз Елшілердің сенім рәмізін өз сеніміміздің айғағы ретінде мойындаймыз — қызметімізде осыған сүйенеміз:
Сенемін Саған, құдіреті шексіз Әке Құдай, әлемнің Жаратушысы. Сенемін Сенің жалғыз Ұлың, Иеміз Иса Мәсіхке, Ол Қасиетті Рухтан бойға біткен, Мәриям қыздан туған, Понтий Пилаттың тұсында өлім жазасына кесіліп, айқышқа шегеленген, үшінші күні қайта тіріліп, көкке көтерілген. Ол құдіреті шексіз Құдайдың оң жағында отыр. Ол тірілер мен өлілерді соттау үшін қайта келеді. Сенемін Қасиетті Рухқа, сенемін киелі жалпыға ортақ Шіркеуге, әулиелердің қауымдастығына, күнәлардың кешірілуіне, тәніміздің қайта тірілуіне және мәңгілік өмірге. Аумин.
Реформаттық дәстүрдің сенім құжаттары
1647 ж.
Вестминстердің үлкен катехизисі
Христиан сенімі туралы 196 сұрақ пен жауаптан тұратын толық катехизис. Құдай, жаратылыс, күнәға бату, құтқарылу, қасиетті рәсімдер және дұға туралы ілімді қамтиды.
Құжатты оқу (орыс тілінде)1646 ж.
Вестминстер сенім декларациясы
Реформаттық сенімнің 33 тараудан тұратын іргелі құжаты. Христиандықтың негізгі ілімдерінің жүйелі баяндамасы.
Құжатты оқу (орыс тілінде)1563 ж.
Гейдельберг катехизисі
Реформаттық дәстүрдің ең маңызды құжаттарының бірі. Үш бөлімге — күнә, құтқарылу және ризашылық туралы — бөлінген 129 сұрақ пен жауаптан тұрады.
Құжатты оқу (орыс тілінде)1647 ж.
Вестминстердің қысқа катехизисі
Христиан сенімінің негіздеріне үйретуге арналған, 107 сұрақ пен жауаптан тұратын қысқа катехизис.
Құжатты оқу (орыс тілінде)
