Пайым және миссия
Құдайды сүю, адамдарды сүю — «Сион» шіркеуінің бүкіл қызметі осыған негізделген.
Пайым
Құдайды сүю, адамдарды сүю — «Сион» шіркеуіндегі бүкіл қызметіміз ҚҰДАЙҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК пен АДАМДАРҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІККЕ шоғырлануы тиіс.
Матай 22:37–39
Сондықтан 1 Петір 2:4–10 бойынша:
Құдайдың рухани қауымының мүшелері ретінде біз екі жақты жауапкершілік арқалаймыз:
- Құлшылық — РУХАНИ ҚҰРБАНДЫҚТАР ұсыну (5) — Құдайға бағытталған
- Куәлік — Оның КЕМЕЛДІГІН жариялау (9) — Адамдарға бағытталған
Миссия
Біз Ұлы тапсырма деп аталатын КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ миссияны қабылдаймыз:
18 Иса оларға жақындап келіп, былай деді: «Көкте де, жерде де барлық билік Маған берілді. 19 Сондықтан барып, барлық халықтарды үйретіңдер, оларды Әке, Ұл және Қасиетті Рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, 20 Мен сендерге өсиет еткеннің бәрін орындауды оларға үйретіңдер. Міне, Мен заманның ақырына дейін күн сайын сендермен біргемін». Аумин.
(Матай 28:18–20)
Жаңа Өсиеттің негізі — ИСА ӘЛЕМДІ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ БИЛЕП ОТЫР деген сенім, және бұл — Оның қайта тірілуінің ең маңызды нәтижелерінің бірі. МИССИЯНЫҢ МӘНІ мен табысы да осында.
Ұранымыз
Үйрен — үйрет, өмір сүр, сүй
Үйрен — үйрет
Иса Мәсіхпен жақын қарым-қатынасты дамытып, Оның ілімімен сусындау — және осы «рухты» басқаларға беру.
Жохан 15; 2 Тімотеге 2:1–2
Өмір сүр
Інжіл бойынша өмір сүру — барлық адамдарға Иса Мәсіхті жариялап, Мәсіхке шәкірттер табудан тұратын МИССИОНЕРЛІК ӨМІР САЛТЫН дамыту.
Матай 28:19; Римдіктерге 10:14–15; Елшілердің істері 1:8
Сүй
Бауырластарымызға да, сырттағыларға да шынайы сүйіспеншілікті сөзбен не тілмен емес, іспен және шындықпен көрсету.
Жохан 13:35; 1 Жохан 4:7–12; 1 Жохан 3:18
